Осы келісімге 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары қол қойды. Келісімнің мақсаты - құпия өнертабыстар туралы мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, бұрынғы КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін айқындауға бағытталды.
«Келісімнің ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беруге бірде-бір өтініш жолданбаған. Сондай-ақ, құпия өнертабыстарды құпиясыздандырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Сонымен қатар, өнертабыстарды қорғау мерзімі 20 жылды құрайтынын атап өткен жөн. Қазіргі кезде КСРО-да жасалған барлық өнертабыстар бойынша қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өтіп кетті. Осыған байланысты ТМД-ның Атқарушы комитеті келісімнің маңызының жоқтығына байланысты қолданысын тоқтату туралы мәселе көтерді. Мұнымен қоса, ТМД-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі ТМД аясында жасалған көпжақты шарттардың қолданысын тоқтату туралы құжаттардың жобалары туралы шешімінің, ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің шешімдерінің негізінде ТМД-ның Атқарушы комитеті Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама әзірледі», - деді сенатор Советбек Медебаев.
Аталған хаттаманы әзірлеудің мақсаты мен негізгі міндеті - құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы материалдардың болмауына және құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру жағдайларына байланысты келісімнің қолданылуын тоқтату.
«Қазір хаттаманы Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы ратификациялады. Қазақстан Республикасы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға 2020 жылғы 8 желтоқсанда қол қойды. Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14-баптарына сәйкес хаттама ратификациялауға жатады. Аталған заңды қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді», - деді сенатор.