«Баршаға Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз. Senate мобильдік қосымшасы бізбен ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар», - делінген палатаның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Senate қосымшасын AppStore (iPhone) немесе Play market-тен (Android үшін) жүктеуге болады.
«Бұл қызметтің одан әрі жетілдіріле беретінін де айтқымыз келеді. Сондықтан бұл әзірге сынақ ретінде іске қосылып отыр», - деп аталып өткен хабарламада.