Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі Сергей Плотниковтың айтуынша, аталмыш заң жобасы мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру бағытындағы жұмыстар аясында жүзеге асырылды. Осыған қарай ол Мемлекет басшысының осы сала бойынша алға қойып отырған міндеттеріне толық жауап береді. «Құжат өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді тәуелсіз бағалау жүйесін енгізіп, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар ол шағын және орта бизнеске жасалуы ықтимал әкімшілік кедергілердің алдын алуды қарастырады», деді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын қарау барысында комитет өкілдерінің ескертпелері мен ұсыныстары негізінде Мәжіліс мақұлдаған құжатқа бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болды. «Мысалы заң жобасындағы адамдар жаппай жиналатын нысан ұғымы нақтыланып, толықтырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктері де айтарлықтай жетілдірілді. Бұған қоса тағы өртке қарсы ерікті құрылымдардың тізімін жүргізу қызметін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беру қажет дешен шешім қаьылданды. Заң жобасына бұдан өзге де бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», деді сенатор.
Осыған байланысты депутаттар аталмыш құжатты жан-жақты талқылай келе оны өздері енгізген өзгерістер мен толықтырулар негізінде Мәжіліске қайтару қажет деп шешті.