Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комисиясының ұсыныстары қабылданды

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комисиясының ұсыныстары қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста осы мәселе жөнінде сөз қозғаған сенатор Анатолий Башмаковтың айтуынша, Парламент палаталары өкілдерінің арасында келіспеушілік тудырған заң жобасы еліміздің «Мұрағат және ұлттық мұрағат қоры туралы» және «Электрондық цифрлы қолтаңбаның электронды құжаты туралы» екі заңына өзгерістер енгізуді көздейді. «2008 жылдың желтоқсан айының 4-інде бұл құжат Сенатта қаралған. Сенат депутаттары оған 6 мәселе бойынша түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды. Ал 2009 жылдың қаңтар айының 28-і күні Мәжіліс депутаттары заң жобасын талқылап, біздің түзетулерімізбен келісті. Дегенмен олардың 3 түзету бойынша күмәні болып, келісім шараларына жүгіну қажет деген шешімге келді. Содан бері бұл мәселе кезекті жұмыс барысында, ал сәуірдің 21-і күні келісім комиссиясының мәжілісінде талқыланды», - деді сенатор А. Башмаков.