Еске салсақ, бұған дейін Елбасы Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалған болатын. «ҚР Конституциясына сәйкес, Ұлттық банк төрағалығына кандидатты тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады. Сонымен қатар, мұндай келісім Республика Президентінің алдын ала немесе соңынан ұсынуы барысында беріледі», деді Сенат Төрағасы Қайрат Мәми.
Осыған орай, сенаторлар алдында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов Елбасының ұсынысын жария еткен болатын.
Мемлекет басшысының ұсынысын палата депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді.