Бұрын хабарлағанымыздай, республика бойынша Сенат депутаттарын таңдаушылар тізіміне 3 168 дауыс беруші енгізілген. Ең көп дауыс беруші Түркістан (317 дауыс беруші) және Қостанай (263 дауыс беруші) облыстарында. Ал ең азы Астанада – 31, Шымкентте – 30 және Алматыда – 38.
Сайлауға Астана қаласынан 3 үміткер қатысуда. Елордада барлығы 31 мәслихат депутаты таңдаушы ретінде тіркелген. Дегенмен, қазіргі уақытта олардың 29-ы дауыс беруге депутат қатысып жатыр.
«Сайлауда кандидат ретінде Астана қаласынан үш кандидат тіркелді. Олардың есімдері бюллетеньдерге енгізілген. Жанама сайлауға таңдаушылар қатысады. Таңдаушылар – Астана қаласы мәслихатының депутаттары», - деді Астана қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.