Сенат сайлауы: ШҚО-да Шәкәрім Бұқтығұтов жинаған дауыс үлесі 85 %-дан асты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең көп дауыс жинаған үміткер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған өңірде таңдаушы ретінде жалпы саны 146 мәслихат депутаты тіркелген. Алайда, сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 122-сі қатысып, дауыс берді. ОСК шығарған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәкес, үміткер ретінде тіркелген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов (86%) көп дауыс жинады. Оның кадидатурасын кандидатурасын 104 таңдаушы қолдаған.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сентаның депутаттарын сайлауда бірнеше өңір бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.


Фото: gov.kz