Сенат сайлауын байқауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 276 өкіл тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депуттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу 25 қыркүйекте аяқталды.

Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 166 байқаушысын және шетелдік ақпарат құралдарының 110 өкілін тіркеді.

«Шетелдік және халықаралық ұйым өкілдерін аккредиттеу кеше 25 қазанда аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 116 байқаушы тіркеліп отыр», - деді брифинг барысында ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Оның айтуынша, Сенат сайлауын байқауға Қазақстанның саяси партияларының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, кандидаттардың сенім білдірілген тұлғалары және БАҚ өкілдері де қатыса алады.