Аталған келісімнің хаттамасына 2012 жылғы 5 желтоқсанда Бішкекте қол қойылған. Хаттама бойынша төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау үшін қолданылатын құжаттардың үлгі нысандары белгіленеді. Бұл үлгі нысандар Ұйымға мүше мемлекеттердің шекараларын кесіп өту барысын жеңілдетуді көздейді.
«Хаттама ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жою барысындағы өзара іс-қимылдарды нақты жүзеге асыруды қарастырады. Келісім аясында басқа тараптарға көмектер көрсету шарттары мен ережелері, құтқарушыларды жіберу шаралары, халыққа тиімді жәрдемдерді уақытылы беру мәселелері қамтылады», - дейді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.