«Адамзат алдында тұрған және көптеген пікірталас тудырып отырған тағы бір өзекті мәселе – нейрондық желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар прогреске кең мүмкіндіктер ашып жатыр. Бірақ, сонымен бірге, жаңа қатерлерді туындатуы мүмкін», - деді Сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев жасанды зейін жалған ақпарат таратудың құралы болмауы керектігін атап өтті.
«Сарапшылардың пікірінше, ақпарат саласындағы басты қауіптердің бірі теріс пиғылды жалған ақпарат пен фейктің кең таралуы болып тұр. Жасанды интеллект ресурстары осындай мақсаттарға тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға әкелуі мүмкін», - деді ол.