Сенат спикері Димашты әлемдік деңгейдегі жұлдыз деп атады
17:15, 01 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев жас әнші Димаш Құдайбергенді әлемдік деңгейдегі жұлдыз деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Димаш Құдайберген әлем жұлдызы болды, еліміздің мәдениетін дүние жүзіне танымал етті. Нағыз Soft Power. Жарайсың, қазақ елінің мақтанышы!», - деп жазды Тоқаев Твиттерде.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдағы Singer жобасына қатысқан соң, белгілі әншілердің біріне айналды. 27 наурыз күні Димаш «Азияның ең танымал әншісі» ретінде «China Top music Awards» сыйлығын алды.