Жүздесуде Сенат спикері Мажарстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын жеткізіп, «жасыл технологиялар» саласында елдің тәжірибесі көрменің табысты өтуіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Сенат төрағасы екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті және алдағы уақытта да парламентаралық байланыстарды кеңейте түсуге үндеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады. Онда спикер Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммитіне дайындық туралы хабардар болды. Саммит ұлттық спорт пен жастар саясаты аясындағы түркі елдерінің ынтымақтастығына арналады. Сонымен қатар, тараптар жуырда өтетін Түркітілдес елдер басшыларының кездесуі бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге серпін беретінін атап өтті.
Кездесу барысында Сенат төрағасы Р. Гасановқа Түркі кеңесінің Бас хатшысы ретінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.
Айта кетерлігі, Кеңестің келесі Бас хатшысы етіп қазақстандық өкілді сайлау жоспарланған.