Танымал Нобель кәсіпкерлері әулетінің өкілдері Қазақстанда жоспарланып отырған мұнайгаз және ғылыми-техникалық саладағы жобалар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, жүздесу барысында қордың ағарту қызметі туралы әңгіме өрбіді.
18:11, 23 Мамыр 2013
Сенат спикері Нобель қорларының өкілдерімен кездесті
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Нобельдер мұрасы қорының және орнықты даму мақсатындағы Нобель қорының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.