Отырыста Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеті мен палата Аппаратына берілді.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі зерделеу үшін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып белгіленді.
Бюрода қолданыстағы заңнамаға әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын 2012 жылғы 26 сәуірде болатын палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы ұсыныс қаралды.