Сенат төрағасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті бірлескен мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Мәлімдеменің мәтінін ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі таратты.
- Бүгін Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстандағы демократиялық реформаларды қолдауды растайтын қарар қабылдаған кезде, біз 2004 жылы қол қойылған мекемелеріміз арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімде көзделгендей, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, институционалдық және саяси диалогты тереңдетуге және ортақ құндылықтар негізінде прогресті ілгерілетуге өз міндеттемелерімізді қайта жариялаймыз,- делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ онда биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өтіп, демократия, құқық үстемдігі және адам құқықтары инклюзивті, гүлденген және үйлесімді қоғамның негізі болып табылатынын атап өтетініміз айтылады.
Қазақстанның конституциялық және саяси реформалар арқылы өзінің демократиялық институттарын нығайтудағы елеулі күш-жігерін, сондай-ақ оның Еуропа Кеңесімен, атап айтқанда оның Парламенттік Ассамблеясымен және басқа да халықаралық әріптестерімен белсенді ынтымақтастығын жоғары бағалаймыз.
- Біз Қазақстанның өлім жазасын алып тастауын және оның азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялауын құптаймыз, бұл адам құқықтарын қорғауға бейілділігін көрсетеді. Біз Қазақстанның Еуропа Кеңесінің тиісті конвенцияларына қосылу жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз және адам құқықтарын, құқық үстемдігі мен демократияны ілгерілетуге деген бірлескен ұмтылысымызды бағалаймыз, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді.