деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев ядролық қаруды таратпау жөніндегі қазақстандық бастамаларды қолдағанына, өркениет арасындағы үнқатысуды қалыптастыруға орай оның қызметіне ризашылық білдіріп, осы саладағы парламентаралық өзара іс-қимылды белсенділендіруге байланысты сенім білдірді.
Пікірлесушілер Қазақстан Парламенті мен АҚШ Конгресі арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтудың кейбір мәселелерін талқылады.
Эни Фалеомаваега Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі нәтижелерін жоғары бағалады және Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық жетекші ел ретіндегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті.