деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы маңызды құралдардың бірі болып отырған дінаралық диалогтың дамуы жөніндегі Қазақстан мен Ватиканның өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Спикер Қасиетті тақтың мемлекеттік хатшысын Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғысын айтып, қазіргі таңда жұмыс тобы аясында 2012 жылы Астанада өтеді деп жоспарланып отырған діндер көшбасшыларының төртінші конгресіне дайындықтың жүріп жатқанын атап өтті.
Толеранттылық саясаты мен діндерге деген құрмет ортақ стратегиямыздың үздіксіз факторы болып табылатынын айтқан Қ.Тоқаев: «Біздің еліміз дінаралық диалог пен келісім тақырыбына баса назар бөледі», - деді.
2011 жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымын басқарады. «Біздің еліміз осы төрағалық кезінде ұстамды әрі өркениетті исламды ілгерілету идеясын алға жылжытып, әртүрлі діндер арасындағы байланысты жалғастыра беруге мүдделі», - деді спикер.
Т. Бертоне Қазақстанның дінаралық диалогты дамытудағы бастамаларына жоғары баға беріп, «бейбітшілік пен келісім арқылы біз тығыз ынтымақтастық пен бауырлас қарым-қатынас орната аламыз», - деп атап өтті.
Сондай-ақ бүгін Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Украинанының сыртқы істер министрі Константин Грищенконы қабылдады. Кездесу барасында екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейіндегі қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.