Сенат Төрағасы әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады
10:17, 07 Наурыз 2013
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата төрағасы Қайрат Мәми жиынды ашпас бұрын әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап өтті.
«Көктемнің алғашқы мерекесі Астананың ақша қарымен бірге ілесіп, әйелдердің төл мерекесі - 8 наурыз да келіп қалды. Осыған байланысты құрметті ханымдар сіздерді 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Шаңырақтан құт-береке, ырыс-нәсіп кетпесін. Еңбекке абырой, отбасыға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Арман, тілектеріңіз орындалсын»,-деді Сенат спикері Қайрат Мәми.