Сенат төрағасы боччадан ұлттық құрама мүшелерімен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 7 тамыз, дүйсенбі күні сағат 12.00-де Қазақстан бочча федерациясының президенті М.С. Әшімбаев Қазақстан Республикасының бочча бойынша ұлттық құрамасының мүшелерімен кездеседі.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу Ақшоқы тұйық көшесі, 2 мекенжайындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында өтеді.