Сенат төрағасы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директорын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры, БҰҰ-ның Венадағы бөлімінің директоры Юрий Федотовты қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметіне жоғары баға бере келіп, Сенат төрағасы БҰҰ ЕҚБ жұмысының нәтижелі әрі нысаналы сипатын атап өтті. Қ.Тоқаев сондай-ақ Қазақстан алдағы уақытта БҰҰ-ның барлық саладағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсететініне тоқталды.

Ю.Федотов Сенат басшысын есірткінің заңсыз айналымы мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы іс-қимыл саласындағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметі мен жоспарлары туралы хабардар етті.