деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ЖКББ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
«Біз босқындармен жағдайды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған БҰҰ ЖКББ қызметін жоғары бағалаймыз. Босқындар мен көшіп-қонушылар құқықтарын қорғау - біздің еліміздегі басым міндеттердің бірі»,-деді Қ.Тоқаев.
Төрағаның айтуынша, Қазақстан заңсыз көшіп-қонушылармен, адам саудасымен және ұйымдасқан қылмыспен күресте көрші мемлекеттермен ынтымақтастыққа ерекше маңыз береді.
Қ.Тоқаев үстіміздегі жылғы мамырда Алматыда «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік жиыны өтетіні туралы С.Азамды хабардар етіп, БҰҰ ЖКББ өкілдерін осы шараға қатысуға шақырды.
С.Азам БҰҰ ЖКББ-мен ынтымақтастығы үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтып, Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ЖКББ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі белсенділендіру жайында ойларын білдірді.