Сенат Төрағасы ғұлама ғалым Шейх Мухаммад Саид Тантауидің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат -Бүгін Сенат Төрағасы біздің елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне белсенді қатысушы,

ғұлама ғалым Шейх Мухаммад Саид Тантауидің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министріне көңіл айту жеделхатын жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.