Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ЖКББ-ның өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Босқындарға қатысты оқиғаларды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған БҰҰ БЖКБ қызметін Қазақстан жоғары бағалайды»,-деді жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қайрат Мәми.
Кездесу барысында Төраға адам құқықтары, оның ішінде босқындар мен көшіп келушілердің құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерінің басымдығын атап өтті.
Өз кезегінде С.Азам да Қазақстан мен БҰҰ ЖКББ-ның босқындар және көшіп келушілер мәселелері жөніндегі жан-жақты ынтымақтастығын жақтайтыны туралы айтты.