Сенат Төрағасы Қ.Мәми Шымкент маңындағы әуе апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми 25 желтоқсан күні ОҚО-да болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Көңіл айтамын. Шымкент түбінде ҰҚК Шекара қызметі басшылығының басқаруындағы АН-72 ұшағының экипажы әскери қызметкерлерінің қаза табуы туралы хабарлама мені күйзелтті. Бұл еліміз үшін үлкен қайғылы оқиға. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деп атап өтті Қ.Мәми өз блогында.