13:53, 28 Сәуір 2009
Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институт және адам құқы жөніндегі бюро делегациясымен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институт және адам құқы жөніндегі бюро делегациясымен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстан мен ЕҚЫҰ БДИПЧ арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқтала отырып, еліміздің аталған ұйымның негізгі бағыттары мен іс-шараларын қолдайтындығын жеткізді. Қазақстанның ЕҚЫҰ БДИПЧ ұйымы арасында бірқатар бағыттар бойынша терең ынтымақтастық орнағанына да тоқталды.
Өз кезегінде делегация басшысы Янеш Ленарчич
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі әсіресе Қазақстанның имиджі мен халықаралық аренадағы рөлін арттыру тұрғысынан маңызды болатындығын атап өтті. «Сонымен бірге, Қазақстан ЕҚЫҰ міндеттерінің гуманитарлық өлшемдер тұрғысындағы маңызды бөлігіне арқа сүйеуі тиіс. ЕҚЫҰ орталық институты болып табылатын БДИПЧ кеңсесі нақ осы өлшемдерді қатаң ұстанып, әрекет етеді. Біздің негізгі бағыттарымыз ? қатысушы?мемлекеттерге мониторингті және тиісті қолдауды жүзеге асыру, адам құқы мен демократия, заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету аясындағы міндеттемелердің орындалуын қадағалау болып табылады. Әрине, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында БДИПЧ қолдауы өте қажет және ондай мүмкіндік болады деп сендіремін. Жалпы, Қазақстанның аталған беделді ұйымға төрағалығы жоғары деңгейде өтетініне үміттімін», деді Я. Ленарчич.
Сонымен бірге, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, палата жұмысының заң шығармашылық қызметіне тоқтала отырып, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-спикері ретінде парламенттік ынтымақтастықты дамыту мәселесін де қозғады.