Қ.Тоқаев екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін дипломатқа алғыс айтты.
«Қазақстан мен Бразилия қарым-қатынастары өзара түсіністік пен өзара сенімге негізделген әріптестер болып табылады»,-деп атап өтті Сенат төрағасы және «Қазақстан мен Бразилия президенттері мемлекеттік сапарларының екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгілеуде айрықша мәні бар, бұл қатынастар сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ықпал етті», деді.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, екі ел парламенттері арасындағы байланыстарды белсенділендіру саяси үнқатысудың маңызды бөлігі болады.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев тасқын су оқиғаларына орай Бразилия халқына және қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.