Сенат Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Негізі, еліміздің батыс аумағында наурыз мейрамының тойлауы басталып та кетті. Дәстүр бойынша 14 наурыз күні Орал, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбенің кейбір аудандарында жыл басы - Амал мейрамы «Көрісу» салт-дәстүрімен басталады. Осы кезде жасы кішілер жасы үлкендерді іздеп барып, «Жасыңыз құтты болсын, жаңа жыл құтты болсын!», - деп құттықтап жатады. Баршаңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жастарыңыз құтты болсын. Жаңа жылда Отанымызға - береке, бірлік, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт пен молшылық тілеймін!», - деп жазды Қ.Мәми өзінің жеке блогына.