Сенат төрағасы Қайрат Мәми бастаған жоғарғы палатаның депутаттары жалпы қалалық дағдылы сенбілікке қатысты

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған жоғарғы палатаның депутаттары жалпы қалалық дағдылы сенбілікке қатысты.

- Қаламыздың тазалығын сақтау, оны көркейту мен көгалдандыру біздің барлық азаматтардың ортақ ісі болып табылады, - деді Қ.Мәми сенбілік барысында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына берген қысқаша сұхбатында.

Шараға Парламент Сенатының аппараты да қатысып, олар қаланың сол жақ жағалауындағы Тұран көшесіне жүзден астам көшет отырғызды.