Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыта түсу, оның ішінде парламентаралық диалогтарды тереңдету мәселелері қозғалды. «Тәжікстан халықаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша Қазақстанмен өзара байланысты кеңейтуге мүдделі», - деп атап өтті М.Убайдуллаев өз кезегінде.
Сенат спикері парламентаралық ынтымақтастықтың екіжақты қарым-қатынастар мәселесінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.