Кездесу барысында Қ.Мәми түркі әлемі халықтарының арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін шараларға қатысқаны үшін парламентшілерге алғыс айтты.
- «Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі парламентаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етуге әзір»,-деді төраға.
Былтырғы қазан айында түркітілдес елдердің Қазақстанда болған алғашқы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалай келіп, төраға түркітілдес елдер ықпалдастығының одан әрі тереңдей түсуі жайында айтты.