Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қ.Мәми екіжақты қатынастарды дамытудағы парламентаралық байланыстардың маңызын атап өтіп, Қазақстан мен Сингапур парламенттері арасындағы ынтымақтастықты үдету жайында айтты.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастардың жиырма жылдығының нәтижелеріне қанағаттанғандық білдіре отырып, тараптар мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша өзара екіжақты іс-қимылды табысты дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.
Кездесу барысында З.Рашид Қ.Мәмиге сингапурлық әріптесі М.Палмердің өз еліне ресми сапарға келуге шақыруын табыс етті.