Әлемдік энергетика нарықтарындағы ахуал кездесудің негізгі тақырыбы болды.
Х.Адели өзі басқаратын халықаралық ұйымның қызметі туралы хабардар етті. Ұйымға табиғи газды экспорттайтын 18 мемлекет мүше. Белгілі ирандық дипломат әрі экономист әлемдегі және Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси жағдай туралы ойларымен бөлісті.
Сенат Төрағасы жүздесушінің назарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесінен айтқан ұсыныстарына аударды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ядролық қаруды таратпау және мемлекеттердің бейбіт атом саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс жүзінде күш салуда.