Сенат Төрағасы Сингапур Елшісін қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сим Чеок Лимді оның өтініші бойынша қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында тараптар екі жақты қатынастардың барлық бағыттарын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыстарды одан әрі дамыту жайындағы ойларын ортаға салды.Қ.Тоқаев үстіміздегі жылдың ақпан айында Сенатта Сингапур Парламентімен парламентаралық үнқатысуды белсенділендіруге ықпал ететін ынтымақтастық тобы құрылғанын атап өтті.Елші Сенат Төрағасына Сингапур Парламентінің төрағасы А.Тармугидің уақыты дипломатиялық арналар арқылы келісілетін ресми сапармен келуге шақыруын жеткізді.