Сенат Төрағасы ТМД ПА Бас хатшысын қабылдады

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға Астанаға келген ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей парламентаралық ынтымақтастығының табысты дамуына және екі ел парламенттерінің халықаралық парламенттік ұйым аясындағы өзара іс-қимыл нәтижелеріне қанағаттанғандық білдірді. ТМД ПА Бас хатшысы Қазақстан Сенатының Төрағасын ТМД Парламентаралық Ассамблеясының таяуда өткен отыз екінші жалпы отырысы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі отырысының нәтижелері туралы хабардар етті. Биыл жазда ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер мен Украина Жоғарғы Радасының қатысуымен Батыс Еуропа Одағы Ассамблеясы бірлесе отырып Киевте өткізетін еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Халықаралық парламенттік конференцияға қатысты және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге әзірлік туралы қабылданған қарарлар жайында әңгімеледі.ТМД ПАА қызметінің келешегі және оны одан әрі жетілдіру, сайлауды байқау және сайлауды бағалаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу жөніндегі миссия қызметтерін жетілдіру қажеттігі, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және еуропалық қауіпсіздіктің жаңа сәулетін жасаудағы парламенттік өлшемдердің кейбір ерекшеліктері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.Кездесу барысында тараптар талқыланған мәселелердің көпшілігі бойынша көзқарастардың ұқсастығын атап өтті. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кейбір тарихи оқиғаларды әсіре саясаттандырудан алыстатуға мүмкіндік беретін салмақты қадамдар қажеттігін ұдайы жақтап келе жатқанын айтты. Осыған байланысты М.Кротов біздің еліміздің алдағы жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі осы ұйымның қызметін жетілдіруге және оның барлық өлшемдегі рөлінің арта түсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Достастық мүшелері ? мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтудағы қызметіне орай М.Кротовқа ризашылық білдірді.