Сенат Төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы делегациясының басшысын қабылдады

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті, Трансазиялық парламенттік форумы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы делегациясының форумдағы басшысы Александр Торшинмен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесуде тараптар Федералды Жиналыс Федерация Кеңесімен парламентаралық байланыстарды кеңейту жайында әңгіме өрбітті.

Сонымен бірге, кездесу барысында ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның қарқынды қызметі, халықаралық парламенттік ұйым аясындағы қазақстандық және ресейлік парламентшілердің өзара табысты іс-қимылы мен бірлескен істерінің одан әрі үйлесімді болуының маңыздылығын атап өтті.