Кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудағы парламентаралық байланыстардың маңызы аталып өтілді.
«Парламент Сенаты парламентаралық өзара іс-қимылды үдетуді жақтайды», деді Қ.Мәми және ол қазақстандық депутаттарды вьетнамдық әріптестердің заң шығару саласындағы тәжірибесі қызықтыратынын айтты.
Вьетнам Президенті де парламентаралық ынтымақтастық жайында айта келіп, Қ.Мәмиді өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.
Кездесуге сондай-ақ И.Адырбеков, А.Бижанов, С.Еңсегенов, М.Бақтиярұлы, Л.Тұрлашов қатысты.