«Сенат басшысы Д.Назарбаева облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен және ұлттық мәдени орталықтардың басшыларымен жүздесетін болады», - делінген палата мәліметінде.
Еске салайық, 7 қазан күні Сенат басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, онда мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының өңірлік бөлімшесінде азаматтарды қабылдап, іскер әйелдермен, жастармен, БАҚ өкілдерімен жүздесті.11:51, 08 Қазан 2019
Сенат төрағасы жұмыс сапарымен БҚО-ға келді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.