Сенат Төрағасының орынбасары А. Судьин Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтының студенттерімен кездесті

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенат Төрағасының орынбасары Александр Судьин еліміздің Парламентінде тәжірибеден өтіп жүрген Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтының студенттерімен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүзеге асқан табысты жоба екенін атап өткен А.Судьин білім беруге, жастарға берілген инвестиция ? ең қымбат әрі қайтымды инвестиция болатынына тоқталды. Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы бәсекеге қабілетті, жоғары біліммен сусындаған және білікті болуы тиіс.«Елімізге жастардың күш-қуаты мен білімі керек. Қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында оқитындар ғылымды ілгерілетуге, экономиканы дамытуға, Отанымыздың тәуелсіздігін нығайтуға тиіс»,-деді Төраға орынбасары.А.Судьиннің айтуынша, келешекте басқарушылар болып табылатын ҚМЭБИ түлектері үшін әлемдік қаржы дағдарысының ұлттық экономикаға теріс зардаптарын азайту кезінде ғана емес, дағдарыстан кейінгі дамуға көшу барысында мемлекет алдында тұрған міндеттерді орындауға ауқымды кеңістік ашылып отыр.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығару билігінің рөлі мен орны туралы айта келіп төраға орынбасары саяси тұрақтылықты, экономикалық дамуды қамтамасыз ететін, қоғамдық және азаматтық қатынастарды реттейтін құқықтық кеңістікті қалыптастырудағы заң шығару жұмыстарының маңызын атап өтті.Осы сессияның басынан бастап Парламент 100-ден астам заң қабылдады. Олардың ішінде ? жаңа Бюджет және Салық кодекстері, үшжылдық республикалық бюджет, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Бәсекелестік туралы», «Әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Тауар биржалары туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңдар бар.Одан басқа қолданыстағы заңнамаға нақтылаулар енгізуді көздейтін 60-тан астам заң, халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарды ратификациялайтын 80-нен астам заңдар қабылданды.Кездесу барысында Төраға орынбасары мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне әзірлікке, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Парламенттің қатысуына байланысты студенттердің сауалдарына жауап берді.ҚМЭБИ студенттері Парламентте тәжірибеден өтуі барысында Сенаттың қызметі, заң шығару үдерістерін ұйымдастыру туралы дәрістер тыңдады, тұрақты комитеттердің жұмыс тобы мен кеңейтілген отырыстары және жалпы палата отырысы мен қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға бағытталған басқа да парламенттік шараларға қатысты.