Сенат регламентіне сәйкес, төраға орынбасарын қызметінен босату туралы мәселе Төраға ұсынысымен немесе орынбасардың өзінің өтініші бойынша босатылады.
Спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қ. Ищанов орынбасар қызметінен босату туралы өтініш жасаған. Ол Сенат депутаттығында он жылдан аса қызмет етіп келеді.
«Қайрат Қыдырбайұлы 2011 жылғы қараша айынан бастап, палата төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сенат жұмысына мол үлес қосқанын атап айтқым келеді. Ол өз тәжірибесін заң шығармашылығы жұмысында ұтымды көрсетті», -деді спикер.
«Бұл - жалпы ротация. Келешекте бұндай ротация өз жалғасын табады деп ойлаймын. Жұмысыңызға табыс тілеймін», - деді Қ. Тоқаев. Палата депутаттары аталған ұсынысты бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, Қ. Ищанов өз өтініш етуі бойынша Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің құрамына мүше болып сайланды.
10:19, 14 Қаңтар 2016
Сенат Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов қызметінен босады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Палата Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.