Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Лекеров, Б.Өтегенов, Е.Ахетов, мекеме басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Парламент қабылдаған заңдардың мазмұны туралы баяндама жасап, рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар сенаторлар кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.