Сенат Үкімет пен Есеп комитетінің 2009 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылады

None
А. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы репсубликалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап,

ол бойынша арнайы Қаулы қабылдады.

Үкіметтің ұсынған қорытындысына сәйкес 2009 жылғы бюджеттің атқарылуының негізгі өлшемдері мынандай: бюджетке 2 трлн. 8 млрд. теңге немесе жоспарланғанға 100,1 пайыздағы салықтар мен төлемдер түскен. Елдің мұқтажына есепті кезеңде 3 трлн. 333 млрд. теңге немесе 98,2 пайыз бюджет қаражаты жұмсалды. Ал тапшылық 510 млрд. теңге көлемінде қалыптасты. «2009 жылға арналған бюджетті іске асыру үшін ҚР Президентінің Жолдауларында жүктелген және «Нұр Отан» ХДП платформасында көрсетілген барлық тапсырмалар орындалды. Бірінші кезекте бұлар мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне қатысты тұрақты әлеуметтік климатты сақтау мақсатында республикалық бюджеттен білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығыстар бойынша ұлғайып, оң серпінге ие болды. Соңғы 5 жылда бұл бағыттағы шығыстар 2,5 есеге артты. Жалпы, 2009 жылы әлеуметтік салаларға бөлінген қаржының көлемі ЖІӨ шаққанда 7 пайызға жетті», деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 2009 жылы медициналық -демографиялық ахуалдың одан әрі жақсаруы байқалған. Өмір сүру ұзақтығы 68,5 жасқа дейін артып, өлім көрсеткіштері төмендеу үдерісіне ие болды. Былтыр ЖІӨ 101,2 пайызды, өнеркәсіп өндірісі 101,7 пайызды, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 113,8 пайызды, байланыс мектебінің көлемі 108,3 пайызды құрады. Ал былтырғы бюджет бойынша 60 млрд. теңге жуық қаражат игерілмей қалған.