«Бүгін Қазақстан Республикасының президенті өзінің Жарлығымен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетовты қызметінен босатты. Конституция нормаларына сәйкес, ҚР Ұлттық банкі төрағасының қызметіне келісімін алу үшін Президенттің ұсынысы шығарылып отыр», - деді осы мәселе бойынша Парламент Сенатында сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігінің төрағасы Нұрлан Нығматулин. Бұл ретте Президент Әкімшілігінің басшысы Елбасы ҰБ төрағасына кандидат ретінде Ақышев Данияр Талғатұлын ұсынғанын жеткізді. Талқылаудан соң сенаторлар Елбасы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Елбасы өз ұсынысын Сенатқа білдіріп: «Ол Қазақ басқару академиясын бітіріп шыққан. Ұлттық банкте 18 жыл қызмет етсе, соның 7 жылында төраға орынбасары болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінде қызмет етіп келеді. Еліміздегі экономикалық мәселелерді де жан-жақты зерттеген, елдің жағдайын да біледі», - деген болатын.