НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл тұрғыда Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерлері 2019 жылы 250 млрд теңгеге ұлғайтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтанда, «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 трлн 450 млрд теңгеден 2 трлн 700 млрд теңгеге дейін арттыру ескерілген.
«Кепілдендірілген трансферттің 2019 жылға белгіленген мөлшері Ұлттық қордағы төмендетілмейтін қаражат қалдығы бойынша шарттың орындалуын ЖІӨ-нің 30 пайызы көлемінде қамтамасыз етеді», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.