және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды. Талқылау барысында бірқатар өзгерістер енгізіліп, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Еске сала кетейік, аталған құжат Конституциялық Кеңестің 2009 жылғы 20 тамыздағы заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң нормаларын құқықтық позицияға сәйкес келтіру туралы тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Бұл ретте, заң жобасының басты нысаны оны қабылдаған кезде заңнамадағы орын алып отырған кемшіліктерді, қайшылықтарды жою болып табылады. Ал құжаттағы түзетулер адвокаттар орындайтын конституциялық маңызды миссиямен олар үшін заңнамамен енгізіліп отырған өз клиентінің күдікті қаржылық мәмілелері туралы өкілетті органға хабарлау міндеті арасындағы тартысты болдырмайтын құқықтық тетіктерді бекітуге бағытталады. Бұдан бөлек, ұйымдар мен тұлғаларды терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдардың тізбесінен шығару тетіктерін бекіту көзделеді. Сонымен қатар, заң жобасымен қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптары да реттеліп отыр. Қаржы мониторингіне жататын күдікті операцияны тоқтата тұру тәртібі де нақтыланған.
Талқылау барысында Сенат тарапынан бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сенаторлар «құжаттың редакциясында Үкімет бекітетін қағидалардың құқықтық маңызы айқын емес» деп санайды. Осыған байланысты тиісті ақпараттар берудің жағдайы мен тәртібі аталған қағидаларға сәйкес айқындалады деп түсінілуі мүмкін. Осыны ескерген жоғары палата депутаттары аталған норманы бір мағынада түсіндіру үшін нақтылады.
Құжатқа бұдан басқа да өзгерістер енгізіліп, ол Мәжіліске жолданды.