Атап айтқанда, Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, және бұған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобалар бірінші оқылымда талқыланбақ.
Сонымен қатар, Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да сенаторлар талқысына шығарылатын болады.