«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының негізгі мақсаты жер заңнамасын жетілдіру, жер кодексінің жекелеген ережелеріндегі қайшылықтар мен әркелкіліктерді жою болып табылады», - деді Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы Қуаныш Айтаханов .
Оның атап өтуінше, Мәжіліс қабылдаған заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары тарапынан бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Соның негізінде 21 позициядан тұратын салыстырмалы кесте түзілген. Атап айтқанда, жер кодексінің 14,1, 15, 16, 17 және 18 баптарына жер қойнауын пайдалану, жер шаруашылығы нысаны жобаларын бекіту мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейту толықтырылған.
Заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың қызметінде резервтеу жөніндегі өкілеттік қарастырылатын жаңа баптың енгізілуіне байланысты уәкілетті органның ұсыныстар мен шешімдер жобаларын даярлау бойынша толықтырулар енгізілген.
Депутаттар заң жобасының кем-кетігін тағы бір мәрте пысықтағаннан кейін Сенаттың жалпы отырысына шығаруға уағдаласып тарасты.