АСТАНА. KAZINFORM — Сенаттың соңғы отырысынан кейінгі брифингте Мәулен Әшімбаев енді инфрақұрылым қалай қолданылатыны жөніндегі журналистер сұрағына жауап берді.
— Инфрақұрылым туралы қазір нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ өздеріңіз білесіздер, Құрылтайда 145 депутат болады. Екі палата бірігіп жатыр. Жаңа депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне инфрақұрылым қажет болады. Халық кеңесіне де әкімшілік ғимарат керек. Сол себепті, барлық инфрақұрылым өте тиімді пайдаланылады деп ойлаймын, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары енді қандай жұмысқа ауысатынын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.