Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.
«Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы „БАҚ-қа арналған“ бөлімінде орналастырылды», — деп жазды Сенаттарн.
Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады.
Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.
Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.