Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12-14 мамырында Батуми қаласында (Грузия) ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «ЕҚЫҰ аймағындағы экономикалық ынтымақтастық пен тұрақтылықты дамытуды ынталандыру» тақырыбы бойынша экономикалық конференция болады. Аталған форум жұмысына Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов қатысады.