Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов қалалық №5 аурухананың, әуежайдың, «Қазақтелеком» АҚ-ның ұжымдарымен, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері және мұғалімдерімен, Әуезов ауданының активімен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында алға қойған міндеттерге қатысты сенатор Ақан Бижанов әлеуметтік жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру, аймақтық даму мәселелеріне назар аударды.
Сенатор атап өткендей, аймақтар «өсу нүктесіне» айналуы керек, сонда индустрияландыру барысында еңбекке тарту мәселелері шешілуімен қатар, дағдарыс белгілерінің теріс әсерлері мейлінше азайып, экономика нығаяды, халықтың әл-ауқаты арта түседі.
Кездесулер барысында сондай-ақ Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер де талқыланды.